Елорда жаңалықтары

Елордада бірнеше мәрте ұрлық жасаған адам ұсталды

Полиция департаменті жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері қала мекемелерінде бірнеше рет ұрлық жасады деген күдікпен 38 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Қазіргі уақытта оның үш ұрлыққа қатысы бары белгілі болды. Кешкі уақытта ер адам медициналық орталыққа кіріп, жұмысшылардың жоқтығын пайдаланып, кеңседен «НР» ноутбугін алып кеткен.

Күдікті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазіргі уақытта полицейлер ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам мойындау көрсетпелерін берді және қамауға алынды.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, жұмыс орындарын қараусыз қалдырмауға және бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.

-->