Елорда жаңалықтары

Елордалық полицейлер «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде болды

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде Астана қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері Ақмол ауылында орналасқан «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде барды, деп хабарлады Elorda.info.

Экскурсия барысында жас қызметкерлер Ақмола облысының тарихымен, түрмедегі әйелдердің өмірбаянымен танысып, мұражай залдарына экскурсия жасады.

Тәртіп сақшылары «АЛЖИР» тұтқындарының қиын өмірін біліп, мұражай экспонаттарын, тұтқындар тұрған казарманың макеттерін, «Отанын сатқындар» әйелдерінің фотосуреттері мен жеке заттарымен танысты. Бұл мемориалдық кешеннің әрбір архитектуралық композициясы лагерь тұтқындарының ауыр еңбекпен болған өмірінің атмосферасын беретінін айта кеткен жөн.

Елордалық Полиция департаменті қаза тапқандарды еске алып, жас тәртіп сақшыларының рухын ояту мақсатында қазақ халқының өткеніне тағы бір мәрте көз жүгіртіп, бүгінгі тәуелсіздікті бағалауға көмектесетін көптеген іс-шараларды жалғастыруда.

-->