Астанада 8 млн теңгенің теледидарларын ұрлаған қала тұрғындары ұсталды
Елорда полицейлері мекемеден плазмалық теледидар ұрлаған қала тұрғындарын қолға түсірді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері 24 және 25 жастағы елорда тұрғындарын қолға түсірді. Олар мекеменің бірнеше ай бойы жұмыс істемей тұрғандарын байқап, түнгі уақытта кіреберіс есікті бұзып кіріп, 8 дана «LG» және «Sumsung» теледидарын алып кеткен.
Полицейлердің айтуынша, екеуі ұрланған техникаларды ломбардқа өткізген. Келтірілген материалдық шығын 3 млн теңге шамасында.
Жедел қызметкерлер олардың теледидар ұрлаудың тағы бір фактісіне қатысы бар екенін анықтады. Қазір аталған оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалды.
-->Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері 24 және 25 жастағы елорда тұрғындарын қолға түсірді. Олар мекеменің бірнеше ай бойы жұмыс істемей тұрғандарын байқап, түнгі уақытта кіреберіс есікті бұзып кіріп, 8 дана «LG» және «Sumsung» теледидарын алып кеткен.