Елордалық кәсіпкерлер су тасқынынан зардап шеккендерге көмектеседі
Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы су тасқынынан зардап шеккен өңірлер үшін гуманитарлық көмек пен қаржы жинауды бастады. Елорданың кәсіпкерлері жинау пунктіне және Палатаның кеңсесіне медициналық мақсаттағы бұйымдар мен азық-түлік апарды, деп хабарлады Elorda.info.
Палатаның шақыруына алғашқылардың бірі болып «Жан 65» ЖШС негізін қалаушы, доктор Айра Жәнібек бастаған стоматологиялық клиникалар желісі қолдау білдірді. Компания азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек көрсетті. Олар пияз, күріш, күнбағыс майы, бұқтырылған ет, макарон және басқа да қажетті заттарды сатып алды.
«MedHouse Kazakhstan» ЖШС 120 тонометр және 24 ингалятор бөлді.
Сонымен қатар, Астана қаласының Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері қаржылай көмек бөлді.
Зардап шеккен өңірлердің тұрғындары азық-түлік (тез бұзылмайтын), (консервілер, макарон өнімдері, күнбағыс майы, сүт, жарма, пияз, шай, құрғақ печенье); қалың киім; гигиеналық құралдар (тіс пастасы, сабын, сусабын, дәретхана қағазы, жөргектер, бір рет қолданылатын жаялықтар); жылытқыштар; дәрі-дәрмектер; резеңке етік; жаңбыр жамылғылары; құм дорбалары, сорғылар сияқты сияқты жаңа заттар мен азық-түлік тауарларына өте мұқтаж екенін ескерген жөн.
Астана қаласында Qanat еріктілер қозғалысы бақылайтын Тамшалы көшесі 24 мекенжайы бойынша гуманитарлық көмек қабылдау қоймасы жұмыс істейді. Қойма 21:00-ге дейін қабылдайды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер Б.Момышұлы даңғылы, 2/1, 4-қабатта Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының кеңсесіне гуманитарлық көмек қалдыра алады.
Айта кетейік, гуманитарлық және қаржылай көмек жинау жұмыстары жалғасуда.
-->"Өкінішке қарай, биылғы көктемде су тасқыны көп. Кейбір өңірлерде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Біз бизнесті үйлестіретін кәсіпкерлер палатасы ретінде шетте қала алмаймыз және басқа қазақстандықтар сияқты зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмек бергіміз келеді. Сондықтан өз тарапынан гуманитарлық және қаржылай көмек жинауды бастадық. Елорданың барлық кәсіпкерін осы игі миссияға қосылуға шақырамыз", - деді Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алин.
Палатаның шақыруына алғашқылардың бірі болып «Жан 65» ЖШС негізін қалаушы, доктор Айра Жәнібек бастаған стоматологиялық клиникалар желісі қолдау білдірді. Компания азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек көрсетті. Олар пияз, күріш, күнбағыс майы, бұқтырылған ет, макарон және басқа да қажетті заттарды сатып алды.
«MedHouse Kazakhstan» ЖШС 120 тонометр және 24 ингалятор бөлді.
Тонометрлер мен ингаляторлар – денсаулықты бақылау мен сақтаудың таптырмас құралы. Бұл аспаптар сапалы медициналық көмекке қол жеткізуде қиындықтарға тап болған медицина қызметкерлері мен пациенттер үшін сенімді тірек болады деп үміттенеміз, – деп атап өтті «MedHouse Kazakhstan» ЖШС директоры, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі Самат Исабаев.