Елорда жаңалықтары

Астаналық 10 полицей Унифайт жарысында жүлделі орын алды

Астана қаласы ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев Унифайт жарысында жүлделі орын алған полиция спортшыларын марапаттады, деп хабарлады Elorda.info.

Унифайт спортынан Қазақстан Республикасының Чемпионаты Астана қаласында өтті. Аталған жарыста Астана қаласы Полиция департаменті қызметкерлері жоғары физикалық дайындықтарымен ерекшеленіп, табысты нәтижелер көрсетті.

Қатысушылардың арасынан Байдәурен Чуюнбаев, Ерсұлтан Дүйсенғазин, Алмас Жұмағали, Медет Қанафин, Нұршат Аманқосов,  Нұрбол Сқақов жүзден жүйрік шығып бірінші орынды иеленсе, Абзал Қали екінші орынды, Әділхан Аманбаев, Айбек Әжіғали мен Нұркелді Төртай 3 орынды қанжығаға байлады.

Сонымен қатар, Өскемен қаласында өткен әйелдер арасындағы арқан тарту республикалық турнирінде Астана қаласы Полиция департаментінің командасы жалпы командалық бірінші орынды иеленді. Марапатталушылардың арасында полиция капитандары Бейсебаева Айжан, Шаяхметова Аңсаған,  Рәзия Мұсабаева және полиция майоры Әлия Шәкірова мен Айнагүл Байжігітова да бар.

Сонымен қатар, департаменттің құрама командасы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында республикамыздың намысын қорғайды.

-->