Елорда жаңалықтары

Елордалық жастар үшін тұрғын үй бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде  «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы туралы Астана қ. тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшының орынбасары Бейсен Үсенов пен Астана қ. әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ директорының орынбасары Дәулет Рахимгулов брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info 

Спикерлердің «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталу күні және қажетті құжаттар туралы ақпарат 26 қазанда ресми интернет -ресурстарда жарияланды. 2 қараша күні Тұрғын үй орталығы «Инстаграм» парақшасында тікелей эфир өткізіп, онда жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар берілген.  Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 6 қарашада таңғы 9.00-ден басталды және 2023 жылғы 12 қарашаға дейін жалғасады. Өтінімдер электронды түрде qatysu.zhilfond.kz. порталы арқылы қабылданады. 

Бағдарлама жастарға жеке тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесу мақсатында әзірленді. Жалдау мерзімі ішінде жалдамалы тұрғын үй алған жұмыс істейтін жастар кейіннен нарықта өз тұрғын үйлерін сатып алу үшін бастапқы жарнаға жинақ жүргізеді. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін босатылған тұрғын үй келесі үміткерлерге беріледі.2019 жылдан бастап бағдарлама бойынша іске асырылған пәтерлердің жалпы саны - 2 450 құрады, онда 6 мыңнан астам адам тұрады (16 мың адам өтініш берген).

Жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз беру 60 % некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) өтініш берушілерге, 40 % некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) өтініш берушілерге пайыздық арақатынаста жүзеге асырылады.

-->

Бүгінгі таңда 3370 өтінім келіп түсті.  «Ағымдағы жылы бағдарламаның шарттарына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құзыретті органы  бағдарламаға қатысушылардың жасы 29 жастан 34 жасқа дейін ұлғайтылды,  жалға берілетін тұрғын үйді беру мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылған, Астана қаласында кемінде соңғы 3 жыл тұрақты тіркеудің болуы,өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде ҚР аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сондай-ақ соңғы 5 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы өзгерістер енгізді,- деді Астана қ. тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшының орынбасары Бейсен Үсенов.

Бағдарлама жастарға жеке тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесу мақсатында әзірленді. Жалдау мерзімі ішінде жалдамалы тұрғын үй алған жұмыс істейтін жастар кейіннен нарықта өз тұрғын үйлерін сатып алу үшін бастапқы жарнаға жинақ жүргізеді. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін босатылған тұрғын үй келесі үміткерлерге беріледі.2019 жылдан бастап бағдарлама бойынша іске асырылған пәтерлердің жалпы саны - 2 450 құрады, онда 6 мыңнан астам адам тұрады (16 мың адам өтініш берген).

 «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 318 бұйрығымен бекітілген Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді беру қағидаларына сәйкес іске асырылады. Мәселен, 2023 жылдың наурыз айында осы ережелерге өзгерістер енгізілді. Енді бұл бағдарлама 35 жасқа толмаған  елорда жастарына арналған.«Қатысушыларды іріктеу балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.Баллдар тең болған кезде өтініш берген күні бойынша ертерек және жасы үлкен өтініш берушілер артықшылыққа ие болады. Бөлінетін тұрғын үйдің жалпы ауданын айқындау конкурс қорытындысы бойынша қойылған ұпайлар және өтініш берушідегі балалар саны (бар болса) негізінде жүзеге асырылады», - деді Астана қ. әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ  директорының орынбасары Дәулет Рахимгулов.