Елорда жаңалықтары

Елордалық вундеркинд оқушыға Асқар Жұмаділдаев 100$ сыйға тартты

Осыдан 4 жыл бұрын «Таңшолпан» бағдарламасына қонаққа келген Асқар Жұмаділдаев 3 стақанның көмегімен «ұйқыашар» есебін көрсеткен еді. Бүгін бағдарламада 10-сынып оқушысы Жайық Қилымбек сол есепті екі жолмен шешуге тырысты, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Түсірілім тобы математик Асқар Жұмаділдаевпен байланысқа шығып, есептің дұрыс жауабын тексертті. Есепті шығаруға тырысқаны үшін Асқар Жұмаділдаев жас математикке 50 000 теңге көлемінде сыйақы берді.