Елорда жаңалықтары

Елордалықтар сайлау учаскесін 4 тәсілмен онлайн біле алады

Қазақстанда АЭС салу бойынша жалпы республикалық референдум 6 қазанда өтеді. Астана тұрғындары өз сайлау учаскесі туралы ақпаратты үйден шықпай-ақ, бірнеше әдіспен біле алады, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана әкімдігі өз сайлау учаскесі туралы мәліметтерді жылдам алуға болады. Оны келесі жолдармен жасауға болады:

- Ресми веб-қызмет: referendum.astana.kz; 

- Telegram-да чат-бот арқылы: referendum_astana_bot; 

- іKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы 109 телефоны бойынша;

- «Smart Astana» мобильді қосымшасында «New» бөлімінде – референдум учаскесін іздеу.