Елордалықтар Чернобыль апатының құрбандарын еске алды
Бүгін Астанадағы Чернобыль трагедиясының құрбандарына арналған ескерткіш жанында радиациялық апаттан қаза тапқан боздақтарды еске алу шарасы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Ең алдымен жиналғандар құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ірі апаттың салдарын жоюға қатысқандарға тағзым етті. Биыл Чернобыль атом электр станциясында орын алған әлемдегі ең ірі ядролық техногендік апатқа 37 жыл толып отыр. Бұл атом энергиясын пайдалану тарихында орны толмас қасіретке соқтырып, мыңдаған адамның өмірін қиған ең ірі апат болатын.
Салтанатты шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысып, Чернобыль апаты, оған қатысқан елордалықтардың зиян көргенін, тарихи оқиғаға қатысы бар азаматтардың ешқашан ұмытылмайтынын айтты.
Апат құрбандарын еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қою үшін 100-ге жуық ардагер арнайы келді. Олар сол кездегі оқиға сәттерінен естеліктер айтып, жастар қауымын заманның тыныштығын қадірлей білуге шақырды.
Жиында Қазақстандағы Чернобыль ардагерлері одағының төрағасы Мұстафа Құсайын болашақта осындай апаттың қайталанбауына тілек білдірді.
Шара барысында қоғамдық бірлестік тарапынан Мұхтар Сұлтанмұратовқа «Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов» медалі табысталды. Соңында ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
-->Бүгін Астанадағы Чернобыль трагедиясының құрбандарына арналған ескерткіш жанында радиациялық апаттан қаза тапқан боздақтарды еске алу шарасы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Ең алдымен жиналғандар құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ірі апаттың салдарын жоюға қатысқандарға тағзым етті. Биыл Чернобыль атом электр станциясында орын алған әлемдегі ең ірі ядролық техногендік апатқа 37 жыл толып отыр. Бұл атом энергиясын пайдалану тарихында орны толмас қасіретке соқтырып, мыңдаған адамның өмірін қиған ең ірі апат болатын.
Салтанатты шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысып, Чернобыль апаты, оған қатысқан елордалықтардың зиян көргенін, тарихи оқиғаға қатысы бар азаматтардың ешқашан ұмытылмайтынын айтты.
Құрметті ардагерлер! Биыл апаттың орын алғанына 37 жыл толып отыр. Бүкіл адамзатты аландатқан қауіптің салдарын жоюға бұрынғы Кеңес Одағы елдері ішінде алғашқылардың бірі болып қазақстандықтар да қатысып, ерліктің ерең үлгісін көрсетті. Бүгінде елордамызда Чернобыль апатын тоқтатуға ат салысқан 500-ге жуық нағыз батырларымыз бар. Біз осы жолда құрбан болған батырлардың алдында құрметпен бас иеміз,- деді қала әкімінің орынбасары.
Апат құрбандарын еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қою үшін 100-ге жуық ардагер арнайы келді. Олар сол кездегі оқиға сәттерінен естеліктер айтып, жастар қауымын заманның тыныштығын қадірлей білуге шақырды.
Жиында Қазақстандағы Чернобыль ардагерлері одағының төрағасы Мұстафа Құсайын болашақта осындай апаттың қайталанбауына тілек білдірді.
Чернобыльдегі апат 1986 жылы 26 сәуірде болған. Апат нәтижесінде 150 мың шақырым жер радиоактивті ластануға тап болған. Апатты жоюға шамамен 800 мың адам қатысқан, оның 30 мыңдайы – қазақстандық. Біздің мыңдаған отандастарымыздың ерлікке пара-пар осындай күш-жігерінің арқасында апаттың ауқымы едәуір кішірейгендей болды. Олар жастық өмірлерін, денсаулықтарын сол жолда пида етіп, өз борыштарын орындады. Радиацияның әрі қарай таралуына тосқауыл болды. Болашақта осындай апаттың қайталанбауына, жол берілмеуіне өзіміздің ықпалымызды, өзіміздің бар күш-қайратымызды салу. Еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын,- дейді Мұстафа Құсайын.
Шара барысында қоғамдық бірлестік тарапынан Мұхтар Сұлтанмұратовқа «Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов» медалі табысталды. Соңында ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ