Елорда жаңалықтары

Елордалықтар бокстан әлем чемпиондарын қарсы алды (ФОТО)

Бокстан 1-14 мамыр күндері аралығында Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған елордалық Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбайды Астана халқы қошеметпен күтіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

Боксшыларымызды күтіп алуға Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов та келді. 

_DSC2453.JPG

Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп гимназиясы директорының орынбасары Ерке Тулбакан Санжар Тәшкенбай мектепті бітірсе де, әлі жетістігіне қуанатынын жеткізді.

80 келіде топ жарған Нұрбек Оралбай да өткен әлем чемпионатына байланысты өз ойын айтты.

_DSC2815.JPG

Айта кетейік, Ташкентте өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс иеленіп, жалпы есепте 2-орынға тұрақтады.

-->

Әлем чемпионатында 4 жекпе-жек өткіздім. Ең қиыны жартылай финалда кездескен Эдмонд Худоян болды. Өте ыңғайсыз қарсылас екен. Бірақ бапкерлерімнің тактикасымен жеңіске жеттім. 48 келі Олимпиадалық салмаққа кірмейді. Сол себепті 51 келіге ауыссам деген жоспарым бар. Бұйырса, Олимпиада жолдамасы үшін таласатын боламын, - деді Қазақстан құрамасының ең жас чемпионы Санжар Тәшкенбай. 

Боксшыларымызды күтіп алуға Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов та келді. 

_DSC2453.JPG

Бокстан әлем чемпионы атанған спортшыларға IBA ұйымы 200 мың доллар, Қазақстан бокс федерациясы 100 мың доллар, Дене шынықтыру және спорт туралы заңына сәйкес 15 мың доллар сыйақы беріледі. Алайда спортшылар үшін бастысы ақша емес, елдің абыройы. Бүгінгі жетістігімізбен тоқтамаймыз. Бұл үлкен жеңіс жолындағы алғашқы қадамдарымыз болады деп сенемін, - деді А.Оралов. 

Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп гимназиясы директорының орынбасары Ерке Тулбакан Санжар Тәшкенбай мектепті бітірсе де, әлі жетістігіне қуанатынын жеткізді.

Санжар біздің шәкіртіміз. 2021 жылы мектебімізді бітірген. Сол кезде жастар арасында әлем чемпионы болып, таңғы 5-те күткеніміз есімде бар. Содан бері 2022 жылы Азия чемпионы, 2023 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атанып отыр. Мектепті бітірсе де, әр оқушымыздың жетістігіне қуанамыз. Бұл бізден шыққан алғашқы әлем чемпионы емес. Былтыр Едіге Емберді әлемдік рекордын жаңартып, жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде де топ жарған, - деп еске алды Е.Тулбакан.

80 келіде топ жарған Нұрбек Оралбай да өткен әлем чемпионатына байланысты өз ойын айтты.

Әлем чемпионы екенімді әлі толық сезінбедім. Бұйырса, алдағы Азия ойындарына дайындалып, Париж Олимпиадасының жолдамасын алуға тырысамын. Бұнымен тоқтап қалмаймын. Ал 92 келіде өнер көрсеткен Айбек Оралбайдың сәтсіздігіне келетін болсақ, бұл спорт. Біреу жеңеді, біреу жеңіледі. 2022 жылы өткен Азия чемпионатында Айбекке чемпиондық атақ бұйырған еді. Енді менің бағым жанды, - деді ол. 

_DSC2815.JPG

Айта кетейік, Ташкентте өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс иеленіп, жалпы есепте 2-орынға тұрақтады.