Елордалықтар Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерді еске алды
Естелік іс-шара Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кірген күніне орай өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараны «Ауғанстандағы соғыстың ардагерлері мен мүгедектерінің одағы» ҚБ және қалалық Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.
Гүл қою рәсіміне ардагерлер мен қаза тапқан сарбаздардың туыстары, Астана әкімдігінің басшылығы, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар Ауғанстан соғысынан оралмаған жауынгерлерді еске алып, құрмет көрсетті.
Айта кетейік, қазіргі уақытта елордада 1 200-ге жуық интернационалист-жауынгер тұрады.
-->Іс-шараны «Ауғанстандағы соғыстың ардагерлері мен мүгедектерінің одағы» ҚБ және қалалық Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.