Елордалықтарға құстарды қоректендірудің зияны туралы ескертілді
Ернұр Қайнар
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында елорда полицейлері тұрғындарға құстарды тамақтандырудың зияны жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Абылай хан даңғылы бойында өткен рейд барысында қоғамдық орынның ластану фактілері тіркеліп, оның себептерінің бірі ретінде құстарды ретсіз тамақтандыру аталған. Осыған байланысты тәртіп сақшылары аудан тұрғындарына профилактикалық әңгіме өткізді.
Іс-шара барысында елордалықтармен құстарды қоректендірудің қоршаған ортаға тигізетін зияны мен салдары талқыланды.
Айта кетейік, құқық қорғау органдары тұрғындармен профилактикалық жұмысты тұрақты түрде жүргізіп келеді.