Елорда жаңалықтары

Елордалық ТЖД қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Қоныс тойын тойлап жатқандар арасында өрт сөндірушілер, құтқарушылар, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімшелерінің командирлері бар, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды. 

Сонымен қатар ол өткен айда ғана аталған сала қызметкерлеріне арналып салынған жатақхана пайдалануға берілгенін атап өтті. Сондай-ақ департаменттің техникалық базасы да жаңарып жатқандығын айтты. 

-->

Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер күн сайын қала тұрғындарына көмекке ұмтылады. Олардың еңбегі қашанда бағалы.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР ТЖМ-мен бірлесіп, еңбек жағдайларын және тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жұмыс істейміз. Мәселен, тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біз тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар санатын (Қазақстандық тұрғын үй компаниясы) кеңейттік, жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық, онда ТЖД қызметкерлерінің санатын арнайы жеке қарастырдық. Сол сияқты Департамент қызметкерлері үшін тұрғын үй сертификатының мөлшері 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Соңғы үш жылда ТЖД қызметкерлеріне 90 пәтер берілді,- деп жазды қала әкімі.

Сонымен қатар ол өткен айда ғана аталған сала қызметкерлеріне арналып салынған жатақхана пайдалануға берілгенін атап өтті. Сондай-ақ департаменттің техникалық базасы да жаңарып жатқандығын айтты. 

Өткен айда Көктал елді мекенінде өрт сөндіру депосы ашылды. Оның аумағында елордалық гарнизон қызметкерлері үшін 18 қызметтік пәтерге арналған жатақхана қарастырылған.

Сонымен қатар, қазір өрт сөндіру депосын Үркер елді мекенінде салып жатырмыз, Телман және Интернациональный елді мекендерінде, сондай-ақ 28-ші көшеде тағы үш бөлімшені жобалап отырмыз. Өткен жылы Департаменттің автопаркі 21 техникамен толықты,-деді Ж. Қасымбек.