Елорда жаңалықтары

Елордалық түлектер уақыт капсуласын салды

Астанада мектеп бітіру кеші өткен  жиында түлектер арнайы жолдауы бар уақыт капсуласын салды. Ол 25 жылдан кейін ашылады. Ал оған дейін капсула оқушылар сарайында сақталады, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара қаладағы «Барыс Аренада» өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді. Сол сияқты мектеп түлектерін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтады.

Белгілі әртістердің қойылымдары, түрлі салаларда үлкен жетістіктерге жеткен тұлғалардың пікірі жастарға ерекше рух сыйлады. 

Олардың қатарында әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, QazVac қазақстандық вакцинасын әзірлеуші Күнсұлу Закария, 7 тілді меңгерген, 9 жетекші шетелдік университеттен шақырту алған Ақтоты Асановтың ең жас полиглоты Әмір Артықбаева және басқалар бар.

Кеш барысында түлектер шығарған ән шырқалып, мерекелік іс-шараның сәнін арттырды.

-->