Елорда жаңалықтары

Елордалық спортшылар жыл басынан бері 4 мыңнан астам медаль жеңіп алды

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Басқарма басщысы елордалық спортшылардың жетістіктері мен алдағы Спорт күніне арналған іс-шаралар туралы баяндады. Жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісі Қазақстанда Спорт күні ретінде атап өтіледі. Биыл бұл мереке 20 тамызға сәйкес келеді.  

Спорт күніне орай 15 тамыз күні QAZAQSTAN спорт кешенінде қалалық спорт салтанатты іс - шара өтеді. 18 тамыз күні дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдау үшін арналған арнайы жабдықталған Toyota Hience атвокөлігінің  табыстау рәсімі болады.

«Байқоңыр», «Есіл», «Алматы» және «Сарыарқа» ауданының кішкентай тұрғындары арасында спорт күніне арналған Көңілді старт шарасы ұйымдастырылмақ.  Есіл ауданы мекемелерінің қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир өткізу жоспарлануда.

21-25 тамыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында джиу-джитсудан жасөспірімдер мен кадеттер (U14- U21) арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Биылғы бәсекеге 42 елден 1200-ден астам спортшы келеді. Оның ішінде отандастарымыздың саны 194. 

Биылғы жылдың жарқын спорттық жетістіктерінің қатарында боксшылардың әлем чемпионатындағы айтулы жеңісі, яғни еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионатында бірінші орын иеленуін, әйелдер арасындағы бокстан әлем біріншілігінде екінші және үшінші орынды жеңіп алғанын айтуға болады. Елорда спортшыларының панкратионнан әлем біріншілігінде, сондай-ақ ММА жасөспірімдер арасындағы аралас жекпе-жектен әлем чемпионатында өнер көрсетуі сәтті болды.

Самат Жылқыбаевтың айтуынша, жылдың бірінші жартысы параспортшылардың жарқын қойылымдарымен есте қалған.  Токио қаласында арбамен билеуден өткен халықаралық жарыста жерлестеріміз төрт медаль қанжығалап,  Италияда өтетін әлем біріншілігіне жолдама алыпты. Дүбірлі додаға 18 елдің спортшылары қатысты. Дзюдодан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары Азия чемпионатының жеңімпаздары атанды.

Айта кету керек, енді  қазақстандық спортшылар Қазақстан Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасында тегін қызмет ала алады. «Қазақстандық спортшылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар спортшылар одағының мүшелеріне консультациялық-диагностикалық және хирургиялық қызметтер көрсету туралы уағдаласты. 

Елде бұқаралық спортты дамыту және барлық жастағы адамдарды процеске тарту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Астана тұрғындарының 37,26 пайызы дене шынықтырумен және спортпен үнемі айналысады. Жыл басынан бері 311 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған қаланың 26 мың тұрғыны мен қонағы қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамтуды ұлғайту мақсатында балалар мен жасөспірімдер және бұқаралық спортты дамыту басымдығын ескере отырып, арнайы бағдарламалар мен жобалар әзірленді. 

Осы бағдарламалар аясында елордада футбол, стритболдан аула лигалары ұйымдастырылды. #AulaFit жобасы нәтижелі жұмыс жасап тұр. Жоба қатысушылары білікті жаттықтырушылрмен футбол, шахмат, көше воркауты, баскетбол, балалар фитнесімен айналыса алады.

Спорт инфрақұрылымы жаңғыртылып, жаңа спорт кешендері мен алаңдары салынуда. Қазіргі уақытта қалада төрт дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені бар.

-->

Қазақстанда спортты дамыту жолында бұқаралық спорт қозғалысының ауқымын кеңейтуге және спорттық жетістіктер үшін  көтермелеуге бағытталған мемлекеттік саясаттың ықпалы зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаев Жолдауында «Халықтың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалуы қажет» деген болатын,- деді Самат Жылқыбаев.

Спорт күніне орай 15 тамыз күні QAZAQSTAN спорт кешенінде қалалық спорт салтанатты іс - шара өтеді. 18 тамыз күні дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдау үшін арналған арнайы жабдықталған Toyota Hience атвокөлігінің  табыстау рәсімі болады.

«Байқоңыр», «Есіл», «Алматы» және «Сарыарқа» ауданының кішкентай тұрғындары арасында спорт күніне арналған Көңілді старт шарасы ұйымдастырылмақ.  Есіл ауданы мекемелерінің қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир өткізу жоспарлануда.

21-25 тамыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында джиу-джитсудан жасөспірімдер мен кадеттер (U14- U21) арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Биылғы бәсекеге 42 елден 1200-ден астам спортшы келеді. Оның ішінде отандастарымыздың саны 194. 

Биыл бірінші жартыжылдықта Астана құрамасының спортшылары 4000-нан астам медаль жеңіп алды. Тек Қазақстан чемпионаттарында елордалық спортшылар 3 000 жүлделі орынға ие болды, республикалық деңгейдегі біріншіліктерде 2 873 медаль, халықаралық жарыстарда 472 медаль иеленді,-деп астаналық спортшылардың жетістігімен бөлісті С.Жылқыбаев.