Елордалық спортшы Австралияда өткен турнирде жеңіске жетті
Елордалық спортшы Дастан Ордабай Австралияның Балларат қаласында өткен 2024 жылғы Virtus Oceania Road Cycling World Series велоспорт чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
World Cycling Series құрамына 62 пара спортшы қатысқан Para-cycling чемпионаты кіреді. UCI Para-cycling физикалық, визуалды, интеллектуалды және есту қабілеті нашар спортшыларға арналған.
Қазақстан атынан бұл турнирге «Зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ пара-спортшысы, аутизм спектрі бұзылған Дастан Ордабай қатысты. Астаналық спортшы II-3 санатына (зияткерлік бұзушылықтар) 18,8 км қашықтықтағы жеке уақыт жарысына (Time trial) және 5,5 км қашықтықтағы критериумға (Criterium) қатысты.
Осылайша, велоспорттан спорт шеберіне кандидат Дастан Ордабай 2024 жылғы Trial Virtus Oceania Road Cycling World Series жеке жарысында алтын медаль жеңіп алып, бірінші орын иеленді.
Маусым айында Францияның Вичи қаласында өткен зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған VI Дүниежүзілік VIRTUS ойындарына қатысқан елордалық спортшы іріктеуден өткен. Оған «Велоспорттан спорт шеберіне кандидат» спорттық разряды берілді.
Жарысты Австралияның велоспорт федерациясы (AusCycling) Австралияның Virtus мүшелері болып саналатын Sport Inclusion Australia компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды және UCI бақылауымен және кураторлығымен өтті.
-->World Cycling Series құрамына 62 пара спортшы қатысқан Para-cycling чемпионаты кіреді. UCI Para-cycling физикалық, визуалды, интеллектуалды және есту қабілеті нашар спортшыларға арналған.
Қазақстан атынан бұл турнирге «Зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ пара-спортшысы, аутизм спектрі бұзылған Дастан Ордабай қатысты. Астаналық спортшы II-3 санатына (зияткерлік бұзушылықтар) 18,8 км қашықтықтағы жеке уақыт жарысына (Time trial) және 5,5 км қашықтықтағы критериумға (Criterium) қатысты.
2024 жылғы 2-8 қаңтар аралығында Австралияның Балларат қаласында 2024 Virtus Cycling World Series әлемдік жарысы өтті. Қазақстан бұл бәсекеде аутизм диагнозы қойылған қатысушыларға арналған жаңа II-3 санатында сәтті өнер көрсетті. Дастан Ордабай бұл сында екі алтын медаль жеңіп алды. Ол аутизм спектрі бұзылған алғашқы азиялық спортшы атанып, Қазақстан тарихында өз ізін қалдырды, - деп атап өтті федерация президенті Дина Темірғалиева.