Елорда жаңалықтары

Елордалық сарбаздар әнші Ұланғасыр Қамимен бірге өнер көрсетті

Астанада Еркеғали Рахмадиев атындағы филармония концерт залында ұлттық ұлан сарбаздары әнші Ұланғасыр Қамимен бірге өнер көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кеш барысында Ұланғасыр Қами патриоттық әнін орындаған сәтте 6636 әскери бөлімінің жауынгерлері әскери өмір көріністерін сахналық қойылым арқылы бейнеледі. Сарбаздар жаттығу сәттерін, қоян-қолтық ұрыс әдістері мен түрлі әскери дайындық көріністерін көрсетті. Бұл қойылым әннің рухын арттырды.

«Бұл менің жеке шығармашылығымдағы ең ерекше кештердің бірі болды. Себебі сахнада өз елімнің нағыз қорғандарымен — Ұлттық ұлан сарбаздарымен бірге тұру – мен үшін үлкен мәртебе. Олар тек ел тыныштығының қалқаны ғана емес, сондай-ақ руханиятқа жақын, өнерге де бейім жастар екенін көрсетті», - деді Ұланғасыр Қами.

Кеш соңында әнші әскери қызметшілерге алғысын айтып, қызметтеріне сәттілік тіледі.