Елордалық өрт сөндірушілер еліктің лағын құтқарды
21 маусымда сағат 19.00 шамасында құрғақ шөптің өртенуін жою кезінде Астана қаласының №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы қамыс өскіндерінің арасынан еліктің лағын тауып алып, құтқарды, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта лақ қауіпсіз жерде және Ақмола облыстық Орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының қызметкерлеріне аман-есен тапсырылды.
Өрт сөндіруші-құтқарушылар үшін әрбір өмір иесі бағалы және олар әрқашан мұқтаж жандарға көмекке келуге дайын.