Елорда жаңалықтары

Елордалық полицейлер «Есірткіге жол жоқ» ақпараттық сервисін әзірледі

Сервис елорданың тұрақты даму орталығымен бірлесіп, “Smart Astana“ қосымшасының платформасында есірткі заттарының заңсыз жарнамасын (есірткі граффити) жедел жоюға бағытталған, деп хабарлады Elorda.info.

Сервис қосымшаны қолданушыға есірткі граффитиінің фотосуретін екі рет басу арқылы жіберуге мүмкіндік береді, бұл ретте бағдарламаның өзі оның орналасқан жерін танып, барлық деректерді Астана қаласы ПД-нің арнайы арнасына жіберіп, полицейлер тез арада шара қолданады.

Әрбір өтініштің орындалу жағдайы арнайы есепке алу бағдарламасында көрсетіледі.

-->

Ақпараттық қызмет іске қосылған бірінші күннің өзінде-ақ, “Алпамыс“ тұрғын үй кешенінің тұрғынынан үйдің қабырғасында күдікті жазу барын хабарлаған хабарлама келіп түсті. Аталған жайт бойынша учаскелік полиция инспекторы шара қолданды, - делінген хабарламада.