Елорда жаңалықтары

Елордалық полицей ер адамды ажалдан құтқарып қалды

Елордалық полицей ер адамды ажалдан құтқарып қалды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түнгі уақытта «102» пультіне қала үйлерінің бірінің тұрғыны жүгініп, ұлы пәтерде жанжал шығарып, 8 қабаттың балконынан секіремін деп қорқытып жатқанын хабарлаған. Кейін Сарыарқа ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобының қызметкерлері оқиға орнына келгенде ер адамның іштен жабылып алғанын анықтады. 

Анасы оны көндіруге тырысып, ұлымен келіссөздерге бірінші болып барған, алайда ол өзін агрессивті ұстап, оны тыңдағысы келмеген. Онымен сөйлескеннен кейін әйел пәтерге кірген, алайда ер адам айқайлап, терезеге қарай жүгірген. 

Оған психологиялық көмек көрсетілді. Елорданың 33 жастағы тұрғынын мұндай әрекетке не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр.

-->

Криминалист полиция капитаны Сугур Макаров бөлмеде жарықтың жоқтығын пайдаланып, әйелдің соңынан бөлмеге кірген. Ұлының назары басқа жаққа ауған сәтті пайдаланып, полиция қызметкері оның артынан балконға жүгірген. Бірақ жүгіріп келе жатқан полиция қызметкерін байқаған ер адам, балконның терезесіне мініп кеткен. Капитан Макаров саспай, ер адам секіріп жатқан сәтте оны белбеуінен ұстап алған. Тәртіп сақшысы оны қайтадан балконға тартып кіргізуге тырысқан, бірақ ер адам жұлқынып, полицейді көйлегінен ұстап, өзінің салмағымен оны төмен қарай тартқан. Полицейдің әріптестері көмекке жүгіріп келіп, ер адамды пәтерге тартып кіргізген, - деп жазылған хабарламада.