Елорда жаңалықтары

Елордалық полицейлер заңсыз жұмыс істеген цехтан 22 тонна ет тәркіледі

Астанада заңсыз жұмыс істеген цехтан тәркіленген ет иттерге берілетін болады, деп хабарлады Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ветеринарлық-санитарлық нормалар сақталмаған цехтан 22 тонна ет тәркіленді.

«Полиция, ветеринарлық қызмет және басқа да ведомстовалардың қатысуымен комиссия отырысы өтті. Онда өнімді 3 мыңға жуық ит ұстайтын «Стоп-отлов» жеке қорының паналау орнына беру туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

Алдағы уақытта өнім термиялық өңдеуден өтіп, жануарларға арналған азық ретінде пайдаланылатын болады.