Елорда жаңалықтары

Елордалық полицейлер мас күйінде көлік жүргізудің 27 дерегін анықтады

Өткен демалыс күндері елордалық полицейлер мас күйінде көлік жүргізудің 27 дерегін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Таңғы уақытта Тұран даңғылында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізіп келе жатқан деген күдік тудырған жүргізушіні байқаған. Полиция тоқтау туралы белгі бергенімен, ер адам бағынбай, жол қозғалысын жалғастырады.

Анықталғандай, көлікті 21 жастағы астаналық тұрғын басқарған. Медициналық тексеру оның алкогольдік мас күйінде екенін растады. Сонымен қатар, оның көлік жүргізу құқығы да болмағаны анықталды. Айдап келе жатқан көлік өзінікі емес екені анықталып, жанында отырған көлік иесінің өзі де мас болғаны белгілі болды.

Мас әрі жүргізу куәлігі жоқ адамға рөлді тапсырғаны және өзі де мас күйде көлік басқарғаны үшін ол 7 жылға жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал көлікті айдаған азамат сот шешімімен 20 тәулікке қамалды.