Елордалық оқушылар мерекелік флешмоб ұйымдастырды
Елордалық оқушылар мерекелік флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды Elorda.info.
Осылайша Амал мерекесіне сақадай сай болып дайындалған ұстаздар мен оқушылар іс-шараға келген қонақтарды ән-жырдан шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Әжелер ансамблі халық әндерін шырқаса, домбыра оркестрі дауылпаз күйлерді орындады. Ақындар бүгінгі күннің мән-маңызын өз жырларына арқау етті. Үлкен-кіші болса, бір-біріне айқара құшақ жайып көрісті.
Гимназияның екінші қабатында киізүйдің макеті орнатылып, қазақтың ұлттық дәмдеріне толы дастарқан жайылыпты. Осы дастарқан басында оқушылар Көрісу күні туралы ақпараттармен бөлісті. Бұдан соң салт-дәстүрімізге кезек беріліп, тұсаукесер рәсімі жасалды. Қонақтар дәмнен аузы тиіп, оларға тарту-таралғы үлестірілді. Шашу шашылып, оқушылар түрлі бата-тілек айтты. Мұндай көрініске риза болған көпшілік оларға «Көп жасаңдар!» деп тілек айтып, алғыстарын жаудырды.
Ал кітапханада әжелер ұлттық құндылықтарымызды одан әрі насихаттап, жас ұрпаққа өнеге көрсетіп, өсиет айтты.
Іс-шара акт залында жалғасты. Оқушылардан құрылған би топтары мың бұрала билеп, көрермендердің қошеметіне бөленді. Ал «Қыдыр ата» қойылымы Ұлыстың ұлы күні мен Көрісу күнінің шығу тарихынан сыр шертті.
Ал ауқымды іс-шара 150 оқушы атсалысқан «Қара жорға» флешмобымен аяқталды.
-->Бүгін гимназиямызда ертеден келе жатқан салт-дәстүріміздің бірі – Көрісу күнін атап өтіп отырмыз. Көрісу күні елімізде кеңінен тойланбағанмен, соңғы 5-6 жылда халық бүл күнді мерекелеуді үрдіске айналдырып келе жатыр. Ел-жұрт бір-бірімен көрісіп, салтымызды жаңғыртып жатқан тәрізді. Міне, біздің мектебімізде де оқушылар, ұстаздар, ата-аналарға Амал күнінің мән-маңызын түсіндіру мақсатында ауқымды іс-шара ұйымдастырылып отыр.
Көрісу күні адамдардың бір-біріне деген бауырмалдығы мен бірлігін арттыра түседі. Ағайын-тума, дос-жаран өзара өкпе-ренішін ұмытып, жаңа жылда толар бір жастарымен құттықтап, жақсы тілектерін айтысады. Жалпы, бүгінгі мерекелік іс-шара жас ұрпақты жақсыға қуана білуге үйретеді, - дейді Қайым Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназияның директоры Гүлжанат Әбдіраманова.