Елордалық оқушылар көк тудың желбірегеніне арнап ән шырқады
Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының оқушылары Тәуелсіздік күніне орай еліміздің егемендігіне тағзым етіп, мақтанышпен ән шырқады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аңсаған арманы, болашақ ұрпаққа қалдырған аманаты.
Көк тудың желбірегені – елдігіміздің айғағы,
Бабалардың ерлігі – ұрпаққа қалған байрағы.
Біз, жастар, туған еліміздің даңқын асқақтатып, жарқын болашағына үлес қосуға дайынбыз! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Бұл челленджді оқушылар қаладағы өзге мектептерге жолдады. Сондай-ақ Тәуелсіздік күніне орай мектептерде сынып сағаттары өтті.