Елорда жаңалықтары

Елордалық оқушыларға есірткінің зияны түсіндірілді

Астана қаласының №15 мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріне «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл кездесуді «Шаг в будущее» ҚҚ және Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды.

Нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу есірткіні қолдану және тарату қаупі бар жоғары сынып оқушыларына арнап өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты – есірткінің заңсыз айналымы үшін жауапкершілік және оларды асыра пайдаланудың зияны туралы хабардар ету, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру және өз денсаулығына деген жауапкершілікті насихаттау.

Кездесуде есірткіні қолданудың жағымсыз салдары, есірткіні қолданудың алдын алу, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және есірткіден бас тартудың маңыздылығы, сондай-ақ мінез-құлық қауіп факторлары және нашақорлықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

-->

Есірткінің қолжетімділігі, оларды іс жүзінде еш кедергісіз сатып алу мүмкіндігі бүгінде оларды шектен тыс, асыра пайдалану мен нашақорлықты дамытудың басты себептерінің бірі болып саналатынын бәрі біледі. Нашақорлық қылмыстың ең қауіпті түрлерінің бірі ретінде халықтың барлық топтары арасында, әсіресе жастар арасында өзінің ықпал ету аясын тез кеңейтуде, - деді «Шаг в будущее» ҚҚ директоры Ажар Тұрымова.