Елорда жаңалықтары

Мәслихат депутаттары жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды

Бұл туралы Астана қаласы мәслихаты төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Республика күні қарсаңында елордалық мәслихаттың бірқатар депутаттары жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет Басшысының атынан марапаттарды табыстады. Мәслихат депутаты Давид Лория мен мәслихат аппаратының басшысы Бахыт Ахметжанова, сондай-ақ бұрынғы сайланым депутаттары Аман Блялевич Аюпов «Құрмет» орденімен, Рамзия Фаатовна Өмербаева «Парасат» орденімен, Владимир Николаевич Редкокашин I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. 

Мәслихат депутаттары Салтанат Женалаева мен Жанаргүл Қүлмагамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді. Ел Президентінің Жарлығымен мәслихат депутаты, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Асқар Смағұлов «Парасат» орденімен марапатталды», - деп жазды Е.Каналимов. 


Сондай-ақ, ол әріптестерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтап, елорданың өркендеуіне бұдан әрі де белсенді еңбек етулеріне тілектестігін білдірді.