Елордалық мәслихат депутаттары Тәуелсіздік күніне арналған челлендж бастады
Елордалық мәслихат депутаттары Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Халық қалаулылары бірнеше бейнеролик түсіріп, мерекеге орай құттықтау тілектерін жеткізген.
«Тәуелсіздік – бұл тек еркіндік белгісі ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік. Осы асыл құндылықты сақтау және дамыту – баршамыздың ортақ парызымыз. Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке және табыс тілеймін. Еліміздің көгінде әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылықтың нышаны орнасын!», - деді қалалық мәслихаттың төрағасы Ерлан Каналимов.
Челлендж аясында астаналық депутаттар еліміздің өзге өңірлеріндегі әріптестеріне эстафета жолданды.