Елорда жаңалықтары

Елордалық мұнарадан түсе алмай тұрған мысықты құтқарды

Елордада  ер адамның мұнараның үстіне шығып, кері түсе алмай тұрған мысықты құтқарған видеосы әлеуметттік желіде тарады, деп хабарлады Elorda.info.

«Мұнараның шектеуіне шығып түсе алмай тұрған мысық құтқарылды. Оқырмандардың айтуынша, мысықты мешіт қызметкері алып түсті», - деп жазылған бейнеролик астында.

Желі оқырмандары ер адамның әрекетіне разы болып, жылы лебіздерін білдірген.

«Алла разы болсын!», «Осындай қайырымды адамдарды сыйлаймын», «Құтқарушыға мың алғыс, жарайсың!», «Барлық адам осындай қайырымды болса», «Негативтерді жариялай бермей осы секілді қайырымды істер туралы жиі жазу керек», «Жарайсың», «Жануарларға мейіріммен қарап, көмектесу керек», «Алла жарылқасын, рақмет саған құтқарушы жан», «Міне азамат» деген пікірлер қалдырылған.

-->