Елорда жаңалықтары

Елордалық мұғалім мурал салумен айналысады (ФОТО)

Астана қаласындағы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Назерке Смайылова білім берумен қатар, бос уақытында мектеп қабырғаларына жан бітіріп, сурет салады. Ол мектептің оқу кабинеттеріне әртүрлі муралдарды бейнелеген, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

мур1.jpeg

Назерке Аралбайқызы 8 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз. Еңбек жолын осы мектепте бастаған. Оның балаларға білім беру әдісі де ерекше.

мур2.jpeg

мур3.jpeg

Өз кезегінде Назерке Аралбайқызы ұстаздық пен суретшілікті қалай қатар алып жүргенін түсіндіріп берді.

мур4.jpeg

-->

Муралдар балалардың көңіл күйіне өте жақсы әсер етеді. Ол оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында сурет салуға баулиды. Ең бірінші өзінің оқу кабинетінде қабырғаларға сурет салғанын байқап, мектептің барлық қабырғасына мурал салу туралы ұсыныс білдірдім, - дейді мектеп директоры Жұлдыз Қуанышқызы.

мур3.jpeg

Өз кезегінде Назерке Аралбайқызы ұстаздық пен суретшілікті қалай қатар алып жүргенін түсіндіріп берді.

мур4.jpeg

Сурет салуға бала кезімнен әуес болғанмын, алайда анам суретші емес менің бойымнан педагогикалық қабілетімді байқағандықтан ұстаз болғанымды қалады. Осы уақыт аралығында суретімді ешқашан ұмытқан емеспін. Оны қосымша хобби ретінде бірге алып жүретінмін. Мурал салу арқылы жаным рахаттанып, демалып қаламын. Мектепте оқушыларымның көңілін көтеріп, ақыл-ойын дамыту мақсатында неше түрлі суреттер саламын. Сурет арқылы оқушының назарын өзіме қаратып, оларды шабыттана отырып оқуына өз септігімді тигіземін деп ойлаймын. Ә.Қастеев атамызға ұқсаған атақты суретші болғым келгендіктен, алдыма ұлы шығармашыл ұстаз боламын деген мақсат қойдым, - дейді Назерке Аралбайқызы.