Елорда жаңалықтары

Елордалық кәсіпкерлерге 2,5 млн теңгеге айыппұл салынды

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Сауда саласындағы жұмыстар және тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы  Нұрғали Егембердиевтің қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2023 жылдың 15 наурызынан бастап «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды, оған сәйкес Департамент әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті.

Жыл басынан 320 әкімшілік шара қолданылған. Оның ішінде 280 азаматқа ескерту берілсе, 33 азаматқа 2,5 млн теңгеге айыппұл салынған.
Қырағы сатып алушылардың өтініші негізінде кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Атап айтқанда: 
-ӘҚБтК-і 193-бабының 4-бөлігімен «Қазақстан Республикасының аумағында бағалар жапсырмасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды бағасын теңгемен көрсетпей өткізу не Қазақстан Республикасының аумағында құны бағалар жапсырмасымен ресімделген бағадан асатын, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды өткізу 
-Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт талаптары бойынша тауарды өткізген кезде оның бағасын теңгемен көрсетпеу» ШК субъектілеріне - 6 АЕК, ОК субъектілеріне - 10, ІК субъектілеріне - 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осындай шаралардың арқасында Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейі біртіндеп жақсарып келеді. Алайда, одан да жоғары стандарттарға қол жеткізу үшін заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру және осы саладағы қоғамдық бастамаларды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.