Елордалық еріктілер коммуналдық қызметкерлерге «жылу» сыйлады
Акцияның басты мақсаты – аязды күндері де жұмыс істейтін тазалық қызметкерлеріне қолдау көрсету. Іс-шара аясында еріктілер елорда көшелеріндегі тәртіп пен тазалықты қадағалайтын коммуналдық қызмет мамандарына жылы снудтар таратты.
Бір ай ішінде 6-70 жас аралығындағы қала тұрғындары тоқу тәжірибесі жоқ жүзден астам жылы мойынорағыштар жасады.
Қайырымдылық акциясына 70-ке жуық ерікті қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, елордада игі істер марафоны жалғасып жатыр. Акцияның басты мақсаты – еріктілер мен тұрғындарға халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарына, қарт адамдарға, мұқтаж зейнеткерлерге барынша көмек көрсетуге мүмкіндік беру.
-->Акцияның басты мақсаты – аязды күндері де жұмыс істейтін тазалық қызметкерлеріне қолдау көрсету. Іс-шара аясында еріктілер елорда көшелеріндегі тәртіп пен тазалықты қадағалайтын коммуналдық қызмет мамандарына жылы снудтар таратты.
«Мұндай қайырымдылық акциясы алғаш рет өтіп отырған жоқ. Осыған дейін бізде «Құрақ-көрпе» стиліндегі эко-шырша құру жобасы болған. Осылайша, тұрғындар мен кәсіпкерлерді жақсылық жасауға шақырамыз», - дейді әлеуметтік кәсіпкер Рахима Мұқышева.
Бір ай ішінде 6-70 жас аралығындағы қала тұрғындары тоқу тәжірибесі жоқ жүзден астам жылы мойынорағыштар жасады.
Қайырымдылық акциясына 70-ке жуық ерікті қатысты.
«Бүгін бізге жылы мойынорағыштар сыйға берілді, әсіресе аязды күндерде ерекше жылу сыйлайды. Еріктілерге қамқорлығы мен баға жетпес көмегі үшін алғысымыз шексіз», - деді коммуналдық қызметкерлердің бірі Қайрат Ахметов.