Елордалық былғары қолғап шеберлері Ташкентте өтетін бокстан әлем чемпионатына қатысады
Ташкентте өтетін бокстан әлем чемпионатында өнер көрсететін Қазақстан ерлер құрамасының құрамы анықталды. Өзбекстан астанасында ел намысын қорғайтын боксшылар арасында Астана қаласының былғары қолғап шеберлері де бар, деп хабарлады Elorda.info.
Атап айтқанда Санжар Тәшкенбай (48 кг), ағайынды Нұрбек (80 кг) және Айбек (92кг) Оралбайлар.
Қазіргі уақытта ұлттық құрама боксшылары Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Айта кетейік, Белградта өткен соңғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 5 медаль (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) иеленген болатын. Сербия астанасындағы жаһан біріншілігінің 3 бірдей финалисі (әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, күміс жүлдегерлер – Махмұд Сабырхан мен Серік Темиржанов) Ташкент шаршы алаңында өнер көрсетеді.
Әлем чемпионатының басталуына тура бір апта қалды. Жарыс 1-14 мамыр аралығында өтеді.
Ұйымдастырушылар біріншілікке 104 елден 600 аса былғары қолғап шебері қатысады деп отыр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 13 салмақ дәрежесі бойынша анықталады.
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) алтын медаль иегеріне 200 000 АҚШ долларын, екінші орын алған боксшыға 100 000 және екі қола жүлдегердің әрқайсысына 50 000 АҚШ долларынан береді. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 5,2 млн. АҚШ долларын құрайды.
Боксшылар додасының тікелей трансляциялары «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының эфирінен көрсетіледі.
-->Ташкентте өтетін бокстан әлем чемпионатында өнер көрсететін Қазақстан ерлер құрамасының құрамы анықталды. Өзбекстан астанасында ел намысын қорғайтын боксшылар арасында Астана қаласының былғары қолғап шеберлері де бар, деп хабарлады Elorda.info.