Елордалық би ансамблі «Славян базарында» топ жарды
Астаналық «Нұрсәулем-ай» би ансамблі Белорусьтің Витебск қаласында өтіп жатқан «Славян базары» халықаралық фестивалінде 1-орынды иеленді, деп хабарлады Elorda.info.
Осымен 32-рет өткізіліп отырған «Славян базары» халықаралық өнер фестивалі бұл күнде шығармашылық жарысқа ғана емес, нағыз мәдени форумға айналып үлгерді.
Биыл фестивальге Меруерт Жараспаева жетекшілік ететін, 20 жылдық тарихы бар елордалық «Нұрсәулем-ай» үлгілі-хореографиялық ансамблі жолдама жеңіп алған еді.
Ансамбль бұған дейін де Түркия, Италия сияқты бірнеше шетелдік сахналарда өнер көрсеткен. Ұлттық би өнерін заманауи нақышта көрерменге ұсынып жүрген би ансамблінің өрендері осы фестивальде жүлделі орынға ие болды.
Осыған дейін бұл фестивальде хореография аталымы бойынша елімізге жүлде бұйырмаған екен. Осы жылы 1-орынды «Нұрсәулем-ай» би ансамблі иеленді.
Ансамбльдің репертуарында 100-ден астам би бар. Соның ішінде ұлттық ерекшелігімізді көрсететін «Егіншілер» биін 9-12 жас аралығында топ бишілері фестиваль сахнасында орындап, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді.
-->Осымен 32-рет өткізіліп отырған «Славян базары» халықаралық өнер фестивалі бұл күнде шығармашылық жарысқа ғана емес, нағыз мәдени форумға айналып үлгерді.