Елордалық автобустар алдағы мереке күндері қалай қатынайды?
Астанада қоғамдық көліктердің мереке күндерге арналған жүру кестесі жарияланды, деп хабарлады, Elorda.info
30-31 желтоқсан – автобустар демалыс күнінің кестесі бойынша (06:00 - 23:00);
1 қаңтар - таңғы сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін автобустардың 50% шығады, 10:00-ден кейін толық кестеге сәйкес сағат 23:00-ге дейін жүреді;
2 қаңтар - сенбі күнінің кестесі бойынша (06:00 - 23:00);
3-12 қаңтар аралығында қалалық қоғамдық көліктің жұмысы сенбілік кесте бойынша;
3 қаңтардан қала маңы бағдарлары бекітілген кестеге сәйкес (апта күніне сәйкес) жүреді.
Сапарларыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз!