Елордалық ғалым өсімдіктердің қартаюын бәсеңдететін ген қасиетін тапты
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің биотехнологы Жадырасын Нұрбекова өсімдіктің қартаюын баяулататын Альдегид оксидаза 3 генінің жаңа қасиетін тапты, деп хабарлады Elorda.info.
Ғалым карбонильді қосылыстар детоксикациясы әдісін қолданған. Ғылыми нәтижеге 5 жылдық зерттеулер арқылы қол жеткізілген.
ЕҰУ аға оқытушысы, өсімдіктер физиологиясы және биохимия ғылымдарының кандидаты Жадырасын Нұрбекова 5 жыл бойы Arabidopsis thaliana өсімдігіне тәжірибе жүргізген. Зерттеулер өсімдік генінің жаңа қасиетін ашуға мүмкіндік берді. Ғалым өсімдіктердің қартаюын бәсеңдетуде альдегидоксидаза 3 рөлін зерттеп, әртүрлі молекулярлық, биохимиялық және физиологиялық әдістерді қолданды.
Ғалымның айтуынша, бұл жаңалықтың арқасында өсімдіктің өмірін абиотикалық стресс кезінде ұзартуға мүмкіндік туып отыр.
ЕҰУ жас ғалымының ғылыми жаңалығы өсімдіктер туралы үздік он журналдың қатарына енген «The plant journal» басылымында жарияланды. Сонымен қатар, бұл журнал халықаралық Scopus және Web of Science деректер қорына енгізілген.
-->Ғалым карбонильді қосылыстар детоксикациясы әдісін қолданған. Ғылыми нәтижеге 5 жылдық зерттеулер арқылы қол жеткізілген.
ЕҰУ аға оқытушысы, өсімдіктер физиологиясы және биохимия ғылымдарының кандидаты Жадырасын Нұрбекова 5 жыл бойы Arabidopsis thaliana өсімдігіне тәжірибе жүргізген. Зерттеулер өсімдік генінің жаңа қасиетін ашуға мүмкіндік берді. Ғалым өсімдіктердің қартаюын бәсеңдетуде альдегидоксидаза 3 рөлін зерттеп, әртүрлі молекулярлық, биохимиялық және физиологиялық әдістерді қолданды.
Ғалымның айтуынша, бұл жаңалықтың арқасында өсімдіктің өмірін абиотикалық стресс кезінде ұзартуға мүмкіндік туып отыр.
Өсімдіктердің қартаюын бәсеңдету барысы стресттік жағдайларға байланысты өзгереді. Мәселен, олардың өмірі 20 күнге немесе 1 айға ұзартылуы мүмкін. Біз негізінен агромәдениетке назар аударуымыз керек және бұл отандық экономиканың дамуына ықпал етеді. Қазір мен жаңа ғылыми жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмын. Осы бағытта ЕҰУ-да ғылыммен айналысатын дарынды студенттерді жинап, олармен өзімнің ғылыми әзірлемелеріммен және тәжірибеммен бөліскім келеді, - дейді ЕҰУ аға оқытушысы Жадырасын Нұрбекова.