Елордаданың орталығындағы коммерциялық кеңседен өрт шықты
Бүгін таңертең Есіл ауданының Достық көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде орналасқан коммерциялық үй-жайдан өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртің аумағы 30 шаршы метрді құрады. Жиһаз бен кеңсе техникасын өрт шалған.
«Өрт сөндірушілердің кәсіби іс-әрекеттері өрт сөндіру жұмыстарын тұрғындардың эвакуациясын болдырмай жүргізуге мүмкіндік берді. Себебі түтін шығару бойынша жедел шаралар қолданылып, жану өнімдерінің жоғарғы қабаттарға таралуына жол берілген жоқ», - деді ТЖМ баспасөз қызметі.