Елордадан сатып алу құқығымен жалға үй алатындар тізімі шықты
zhilfond.kz сайтында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасының нәтижелері жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл бағдарлама «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ желісі бойынша 27.02.2023 -03.03.2023 жыл аралығында жүргізілген болатын. Тізімді мына жерден қарауға болады.
Бұл тізімдер келесідей:
1) «Өткендер» — бағдарлама бойынша өткен өтініш берушілер;
2) «Өтпегендер» — қандай да бір себептермен қатысуға бас тартылған (мүліктің болуы, жұмыс орнынан анықтама қоса берілмеген немесе жұмыс орны бойынша сәйкес келмеген және т. б.) немесе тұрғын үй кезегіне қойылған күні бойынша өтпегендер;
3) «Резерв» — егер негізгі өткендердің арасында төлем қабілеттілігін растай алмайтындар болған жағдайда, «ҚТК» АҚ шақыруы мүмкін азаматтар.
Бұл бағдарлама бойынша іріктеу әрбір қызмет саласы бойынша жеке, яғни кезекке қойылған күнге сәйкес, кезекте тұрған білім беру, денсаулық сақтау және т.б. сала қызметкерлері арасында жүргізілді.
Әрбір қатысушыға өтінім берген кезде көрсеткен электрондық поштасына өтінімнің мәртебесі жіберіледі, егер бұл бас тарту болса, онда бас тартудың себебі көрсетіледі.
Бағдарламадан өткен қатысушылар төлем қабілеттілігін растау үшін Қазақстандық тұрғын үй компаниясына шақырылады.
-->zhilfond.kz сайтында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасының нәтижелері жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.