Ботаникалық бақта йогадан шеберлік сабағы өтті
«Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясында елордадағы ботаникалық бақта ашық аспан астындағы йога сабағы өтті. Іс-шараны Есіл ауданы әкімдігі мен BI Group холдингі бірлесе ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.
Жаппай сауықтыруға негізделген йога сабақтарына әртүрлі жастағы 100-ден аса адам қатысты. Игілікті іс-шараға Үндістанның Қазақстандағы елшілігің бірінші хатшысы Санджай Веди арнайы қатысып, жылы лебізін білдірді. Ал жаттығуды йоганың кәсіби мамандары жүргізді.
Ерекше форматта өткен шараға ниет білдіргендердің қатарында астаналықтармен бірге қала қонақтары да аз болмады. Олардың арасында зейнеткерлермен қатар мектеп оқушылары да жаттығу жасап жатты. Астаналық тұрғын Ақбөбек Назенғалиева спорттық іс-шара жоғары деңгейде өтіп, табиғат аясында денені шынықтыруға тегін мүмкіндік берілгеніне ризашылығын білдірді.
Индира Бержанова
-->Жаппай сауықтыруға негізделген йога сабақтарына әртүрлі жастағы 100-ден аса адам қатысты. Игілікті іс-шараға Үндістанның Қазақстандағы елшілігің бірінші хатшысы Санджай Веди арнайы қатысып, жылы лебізін білдірді. Ал жаттығуды йоганың кәсіби мамандары жүргізді.
Ежелгі йога білімі арқылы халықты тұрақты түрде спортпен шұғылдануға баулу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, физикалық және рухани сауықтыру мақсатында елорданың Есіл ауданындағы ботаникалық бақта алғаш рет тегін түрде йога сабағын өткізіп отырмыз. Мерекелік жаппай сабаққа көптеген қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Йога шеберлері қатысушыларға ежелгі өнердің негізгі тетіктерімен таныстырып, дұрыс әрі жүйелі түрде йогамен дұрыс айналысудың тәсілдерін көрсетті, - деді Есіл ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әли Жолтабар.