Елорда жаңалықтары

Елордада «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

Астаналық полицейлер таңертеңнен бері «Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізуде, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара 19 және 20 шілдеде Сәбит Мұқанов көшесі, 2-үй мекенжайындағы Мамандандырылған ХҚКО №1-де өтеді.

Акцияны өткізу халықтың сенімін арттыруға, тәртіп сақшыларының қызмет көрсетуіне ашықтықты қамтамасыз етуге арналған.

Азаматтар әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізу кезінде полицейлерге өздерін қызықтырған мәселелер бойынша жүгіне алады.

Әкімшілік полиция басқармасында байланыс орталығының жұмысы ұйымдастырылған. Тел.: 71-69-77, 67-75-75, WhatsApp 8-778-388-58-39. Мұнда да елорда қонақтары мен тұрғындары қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша құқықтық көмек пен кеңес ала алады. Күні бойы колл-орталыққа 43 елорда тұрғыны жүгінді.

-->

Бүгін күні бойы «Жолда қабылдау» акциясы барысында 23 адам жүгінді. Оның ішінде 12 адам заңдастыру мәселесі бойынша, ГБЖ орнату бойынша 4 адам, әкімшілік айыппұл төлеу бойынша 7 адам жүгінді, - делінген хабарламада.