Елорда жаңалықтары

Елордада жыл басынан бері 45 адам құтқарылған

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттар тобы елордалық ТЖД жедел-құтқару жасағына барды, деп хабарлады Elorda.info.

ТЖД бастығы генерал-майор Қ. Базарбаев депутаттарды қызметкерлердің жұмысымен, бар проблемалық мәселелерді көрсете отырып, құтқару бөлімшесінің жабдықталуымен таныстырып, жеке құраммен әңгімелесу өткізді.

Бүгінгі таңда Астана қаласындағы жедел-құтқару жасағының штатында 74 адам жұмыс істейді. Өз қызметінде құтқарушылар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша міндеттерді орындайды. Жасақтың жарағында 15 техника, 25 жүзу жабдығы, 147 түрлі апаттық-құтқару құралы бар.

Жыл басынан бері жедел-құтқару жасағы ТЖ орнына 302 рет жедел шығып, оның барысында 45 адамды, оның ішінде 17 баланы құтқарды.

-->