Елорда жаңалықтары

Елордада журналистерге арналған шеберлік сабақтары өтті

Астанада Бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен «Заманауи медиа құпиясы» шеберлік сабақтары өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Екі күнге созылған шеберлік сабақтары Телевизиялық журналистиканың шеберлік негіздері, цифрлық медиада қолданылатын тиімді дағдылары, БАҚ үшін бәсекеге қабілетті контент жасау мен PR негіздері тақырыптарын кеңінен қамтыды.

Семенир-тренингке Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Журналистика факультетінің студенттері қатысып, өз дағдыларын шыңдады. Өз кәсіби және өмірлік тәжірибесімен еліміздің танымал медиа мамандары бөлісті:

-           Мөлдір Доспаева, «Хабар» телеарнасының редакторы, тележүргізуші, #МөлдірСөйле блогының авторы, «Тіл жанашыры»;

-           Айгүл Адилова, Журналист, сценарист, медиа менеджер, «Хабар», «Хабар24» арналарының экс-директоры;

-           Яков Фёдоров, Тревел-блогер, экоактивист және азаматтық журналист, «Сөйле» клубының негізін қалаушы;

-           Ұлан Әбішев, Блогер, медиа-менеджер, коммуникация сарапшысы.

Бас редакторлар клубының дәстүрлі түрде ұйымдастырған шеберлік сабағы аясында білім алған студенттерге сертификаттар табыс етілді.

Бас редакторлар Клубының негізгі мақсаты – медиада шығармашылық атмосферасын нығайту, бұқаралық ақпарат құралдары арасында тиімді бәсекелестікті нығайту, қоғамда ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту.