Елорда жаңалықтары

Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«BMW» көлігін басқарған жүргізуші әдейі қауіпті маневрлер жасағаны белгілі болды. Сот отырысы барысында ол өз кінәсін толық мойындады.

«Қоғамдық қауіптіліктің жоғары дәрежесін және жасалған құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, И. сот қаулысымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.