Елордада жол ақысын төлемеген жолаушыларға 58 млн теңге айыппұл салынды
CTS көліктік бақылау департаменті жыл басынан бері қоғамдық көлікте жолақы төлемеген 161 156 жолаушыны анықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Оның 8 452-сіне полиция қызметкерлері хаттама толтырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл сомасы 58 млн теңгеден асады.
Билетсіз жол жүргенге салынатын айыппұл мөлшері – 2 АЕК, 6 900 теңге.
Сондай-ақ, жеңілдікті және мектеп көлік карталарын басқа адамдар пайдаланатын фактілер бар. Бұл бұзушылық және картаны алып қоюға негіз болады. Тексерушілер сондай 899 картаны тәркіледі. Оның ішінде жеңілдікті – 330, мектеп – 569 көлік картасы.
Қоғамдық көлікте бақылау және тексеру жұмыстарын күнделікті 100-ден аса көліктік бақылау департаменті мен желілік-бақылау қызметкерлері жүргізеді. Олардың міндетіне төлем тексерумен қатар, қолданыстағы төлем түрлерін түсіндіру жатады.
-->Оның 8 452-сіне полиция қызметкерлері хаттама толтырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл сомасы 58 млн теңгеден асады.
Билетсіз жол жүргенге салынатын айыппұл мөлшері – 2 АЕК, 6 900 теңге.
Сондай-ақ, жеңілдікті және мектеп көлік карталарын басқа адамдар пайдаланатын фактілер бар. Бұл бұзушылық және картаны алып қоюға негіз болады. Тексерушілер сондай 899 картаны тәркіледі. Оның ішінде жеңілдікті – 330, мектеп – 569 көлік картасы.
Қоғамдық көлікте бақылау және тексеру жұмыстарын күнделікті 100-ден аса көліктік бақылау департаменті мен желілік-бақылау қызметкерлері жүргізеді. Олардың міндетіне төлем тексерумен қатар, қолданыстағы төлем түрлерін түсіндіру жатады.
Құрметті жолаушылар, жолақысын төлеп жүруіңізді сұраймыз. Осылай сіздер автобустарды жаңартуға, бағыттардағы автобус санын көбейтуге және жаңа бағыттарды қосуға, яғни қоғамдық көліктің дамуына өз үлесіңізді қосасыздар, - делінген хабарламада.