Елорда жаңалықтары

Астанада жетім балаларға 154 пәтер беріледі

Бүгін елордалық мәслихатта Астана қаласы әкімінің орынбасарлары Есет Байкен мен Ерік Мейірханов әлеуметтік блоктың басым бағыттарының орындалу барысы туралы есеп берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жыл соңына дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 154 (жалпы саны шамамен 300) пәтерді жалға беру жоспарлануда. Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын шешу мақсатында 2029 жылға дейін 60 балабақша салу көзделуде.

Айта кету керек, мемлекеттік балабақшалар құрылысы 2017 жылдан бері тоқтап қалды.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимовтың айтуынша, медициналық кадрлардың жетіспеушілігі, олардың дайындығы, біліктілігін арттыру және жұмысқа орналастыру мәселелері де қарастырылған.

Жалпы, аталған бағыттарды іске асыру бекітілген кестеге сай жүріп жатқанымен, қаржыландырудың тоқтатылуы, заңнама нормаларының өзгеруі, адал емес мердігерлер мен ауа райы жағдайларына байланысты кейбір пункттердің орындалуы кешігуі мүмкін, - деп жазды Е.Каналимов.