Елордада жеке үйлердің 50%-ы газбен қамтылды – әкім
Қазіргі таңда жеке үйлердің 50%-ы газбен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Биыл 1 500-ден астам үй газдандырылды, оның ішінде «Үркер» тұрғын алабы бар.
Келесі жылы «Өндіріс», Garden Village және «Шұбар» тұрғын алаптарын газдандыру жобаларын іске асыру басталады, - деді әкім брифингте.