Елордада жарнаманы орналастыру қатаң қадағаланады
Астана қаласы «Жарнама-Астана» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараттар мен құрылыстардағы маңдайшалар мен жарнамалардың сәулет және қала құрылысының нормаларына сәйкестігін тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Мекеме бұл үшін, алдымен, әрбір мүлік иелері бірлестігі мен пәтер иелері кооперативіне хабарлама таратады. Өйткені ғимараттар МИБ пен ПИК-тердің жауапкершілігіндегі аумақтарға кіреді. Ал олар өз кезегінде хабарламаларды кәсіпкерлерге жібереді.
Айта кетейік, мекеме өкілінің мәліметінше, 2019 жылы жасақталған қала сәулетін дизайн-код бойынша сәйкестендіру жобасы бұл күндері күшін жойған.
-->Бүгінгі күні көптеген кәсіпкерлер жарнама ілуде қала құрылысы нормаларын бұзып жатады. Ал бұл әрекеттер заңға қайшы болып саналады. Нақтырақ айтсақ, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" заңның 1-бабы, 6-2 тармақшасына орай бірыңғай сәулет стилі сақталуы керек. Яғни, ғимарат қасбеті, түсі, қабат саны, әрлеу материалдары нормаға сәйкес келуі керек. Ал «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңның 17-бабына сәйкес, өз бетімен құрылыс салу сияқты ғимараттардың кейбір бөліктерінің сәулеті келбетін өзгерту де жауапкершілік жүктейді. Өйткені көптеген кәсіпкерлер өздерінің маңдайшаларын орнату, қасбеттің түсін толығымен өзгерту арқылы оның техникалық сипаттамаларын өзгертеді. Ал бұл - қасбетті өз бетімен реконструкциялауға әкеледі деген сөз, - деді коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тексеру бойынша инспекторы Әлібек Балмағамбетов.
Мекеме бұл үшін, алдымен, әрбір мүлік иелері бірлестігі мен пәтер иелері кооперативіне хабарлама таратады. Өйткені ғимараттар МИБ пен ПИК-тердің жауапкершілігіндегі аумақтарға кіреді. Ал олар өз кезегінде хабарламаларды кәсіпкерлерге жібереді.
«Астана-Жарнама» КММ, сонымен қатар маңдайшаларды талапқа сәйкес, дұрыс орналастыру туралы кеңес беруде. Сондай-ақ кейбір заң бойынша жарнама үшін салық төлеуі тиіс, бірақ әлі ақы алынбай отырған жарнама нысандарын салық төлеушілердің базасына тіркеуге қатысты жұмыс жүріп жатыр. Бұл үшін серіктестік қызметкерлері нысандарды аралап, осындай жарнама нысандарын анықтауда, - деді ол.
Айта кетейік, мекеме өкілінің мәліметінше, 2019 жылы жасақталған қала сәулетін дизайн-код бойынша сәйкестендіру жобасы бұл күндері күшін жойған.