Елордада Жансүгіров көшесінің учаскесі уақытша жабылды
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы І.Жансүгіров көшесі бойынша Абылай хан даңғылынан Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Осыған байланысты 8 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 9 қыркүйек күні сағат 06:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылды. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес, іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды», - деп жазылған хабарламада.