Елорда жаңалықтары

Елордада жүргізуші куәлігін алмақ болған тұрғынның шағымы қаралды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау аясында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша және қызмет алушыларға сапалы қызмет көрсету мақсатында тұрақты түрде жұмыстарды жүргізуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бақылау жүргізу аясында осы жылдың маусым айында департаментке жүргізуші куәлігін алу үшін көлікпен практикалық емтихан тапсыру кезінде туындаған мәселесіне қатысты азаматшаның шағымы қаралды.

Шағымда көрсетілген деректер бойынша шағым иесі автодромда практикалық емтихан өту кезінде ақпараттық жүйеде техникалық ақаулық орын алып, акт негізінде емтихан нәтижесі жойылғандығы белгілі болды. Өз кезегінде, өтініш иесі сол күні қайта практикалық емтихан өтуін ұсынған. Алайда, Мамандандырылған бөлімнің қызметкерлері практикалық емтиханды қайта тапсыру тек 10 жұмыс күнінен кейін ғана мүмкін екендігін мәлімдеген.

«Осы орайда заңнама талаптарына сәйкес, өтініш иесі ақаулық жойылғаннан кейін немесе келесі жұмыс күні емтиханды қайта өтуіне құқығы бар болғанын пайымдай келе өтініш иесінің шағымы негізді деп танылып, департаментпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалына сұраным хат жолданды. Нәтижесінде шағымданушы практикалық емтиханды қайта тапсырып, қазіргі таңда жүргізуші куәлігін қолына алды», - делінген хабарламада.

Осылайша заңнама талаптарын бұдан әрі бұзылуына жол бермеу мақсатында департаментпен қызмет берушілерге тиісті шаралар қолдану, оның ішінде жауапты қызметкерлерге құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, орын алған жағдай бойынша кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту және алдағы уақытта қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау бойынша ұсыныстар енгізілді.

Егер де Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқығыңыз бұзылған жағдайда, департаментке Сарыарқа даңғылы, 13 мекенжайы бойынша жазбаша түрде немесе электрондық түрде «Электрондық үкімет» порталы немесе Е-Otinish біріңғай платформасы және EgovKzBot2.0 Telegram-бот арқылы «Уәкілетті органга өтініш» бөлімінде жүгіне аласыз.