Елордада Ж.Молдағалиев көшесінің бір бөлігі жөндеуге жабылды
Астанада «Е-41 көшесінен Е32 (Әйтеке би) көшесіне дейінгі учаскеде Ж.Молдағалиев көшесінің құрылысы» жобасын іске асыру басталады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Ж.Молдағалиев көшесінің құрылысы бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 29 сәуір мен 30 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске бойынша қозғалыс толығымен жабылады. Бұл ретте қозғалыс баламалы көшелер мен орамішілік өткелдер бойынша ұйымдастырылатын болады.
«Автобус маршруттарындағы өзгерістер схемасымен қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.