Елорда жаңалықтары

Елордада жас отбасыларға мемлекеттік бағдарламалар бойынша бизнесті құру және енгізу курсы өтіп жатыр

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жас отбасыларға мемлекеттік бағдарламалар бойынша бизнесті құру және енгізу курстары өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

“Отбасы-бақыт мекені” неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені  аясында өткен оқыту курсына 15 жас отбасы  қатысуда.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Балжан Қолғанаттың сөзінше, мұндай оқыту курсы елордада бірінші рет ұйымдастырылып отыр.

Жас отбасыларға кәсіпкер әрі бизнес-жаттықтырушы Арман Ақбердиев кәсіпкерлік негіздері туралы ақпарат ұсынды.

Айта кетейік, оқыту курсына өзге де кәсіпкерлер, қаржы мамандары қатысты.

-->

Біздің негізігі мақсатымыз - жас отбасылардың қаржылық сауаттылығын арттыру және кәсіп бастау туралы ақпараттық қолдау білдіру. Бүгінгі курс 3 топқа бөлінген. Барлығы 15 отбасы қатысып отыр. Мұндай оқыту курсы елордада бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Жалпы “Отбасы-бақыт мекені” неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенінде тек кәсіпкерлік қана емес, денсаулық және қаржы  тақырында да семинарлар ұйымдастырылып тұрады,- дейді бас маман.

Жас отбасыларға кәсіпкер әрі бизнес-жаттықтырушы Арман Ақбердиев кәсіпкерлік негіздері туралы ақпарат ұсынды.

Статистикалық деректерге сүйенсек, жас отбасылардың ажырасу себебінің бірі -ақшаның жетіспеуі. Сондықтан да бүгінде отбасылар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру маңызды.

Бүгінгі курста кәсіпті қалай бастау керек, оның жолдары мен қаржылық жоспар туралы ақпарат беремін. Одан бөлек мемлекеттік бағдарламаларға тоқталып өтемін. Ең бастысы жастар қандай да бір істі бастаған кезде, “мен не үшін бұл кәсіпті қолғам алдым?” деген сұраққа жауап беруі қажет. Бизнесті бастағанда нарықты зерттеу керек, қаржы саласын жақсы біліп, қауіпті жағдайларды да ескеру қажет,-дейді Арман Ақбердиев.

Айта кетейік, оқыту курсына өзге де кәсіпкерлер, қаржы мамандары қатысты.